НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

260-бап. Іссапарлар кезіндегі өтемақылар сомасын шегеру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Іссапарлар кезінде өтемақылар:
1) бронь мен багаж үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, іссапар орнына және кері қайтуға жол жүру;
2) бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, іссапарда болған уақыт ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұру;
3) іссапарда болған уақыты үшін жұмыскерге салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы;
4) келуге және кетуге рұқсаттарды (визаны) ресімдеу (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шығыстары түрінде шегерімге жатады. Шегерім осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде электрондық нысанда ресімделген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Бір елді мекен шегінде жол жүру шығыстары осы бапта көзделген шығыстарға жатпайды. Іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде оның тұруы шығыстары және тәулікақысы (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емделуде болған жағдайларды қоспағанда) шегерімге жатқызылуға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттарында:
1) жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығында немесе өкімінде көрсетілген, жұмыскер еңбек міндеттерін орындайтын, оны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау жүзеге асырылатын межелі жер іссапарда болатын жер болып табылады;
2) іссапарда болу уақыты: жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе өкімі; кету және келу күнін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген іссапарда болатын жерге кету және кері қайтып келу күндерін негізге ала отырып, іссапарда болу күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапар күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапарда болатын жерге кету күнін және (немесе) кері қайтып келу күнін растайтын басқа құжаттар негізге алына отырып айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-260/