Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
264-бап. Бейрезидент-өзара байланысты тараппен өзара
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
есеп айырысу бойынша шегерімдердің ерекшеліктері
1. Басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңгерлік, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік қызметтер, роялти, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген өзара байланысты тараптан сатып алынған зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқықтар осы бапта көзделген шығыстар шегерілгенге дейін айқындалатын есепті салықтық кезеңнің салық салынатын кірісінің 3 пайызынан аспайтын жалпы сома мөлшерінде шегерілуге жатады.
2. Осы баптың мақсаттарында:
1) осы Кодекстің 14-бабында аталған тұлғалар;
2) басқа заңды тұлғамен бірлесіп компаниялардың бір тобына кіретін заңды тұлға өзара байланысты тараптар деп танылады.
Бұл ретте компаниялар тобы деп бас компания мен акцияларын, қатысу үлестері мен өзге де үлестік құралдарын осындай бас компания тікелей немесе жанама түрде иеленетін компаниялар қамтылатын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құрылымы түсініледі;
3) егер жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы қатынастар осы бөлікте көрсетілген шарттарға қарамастан өзара байланыстылық белгілеріне ие болса, осындай тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылады. Бұл ретте салық төлеуші өзара байланыстылықты мойындамаған жағдайда мұндай мойындауды салық органының талап қоюы негізінде сот белгілейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-264/