НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

266-бап. Есептен шығарылған талап бойынша шегерім

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:
1) дебитор-салық төлеуші таратылған, қызметі тоқтатылған кезде оның тарату балансы бекітілген күнге кредитор талап етпеген талаптың, бірақ мұндай талап бойынша бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшері;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талапты есептен шығарудың, бірақ мұндай талап бойынша бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшері;
3) тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған, борышкердің банкрот деп танылуына байланысты есептен шығарылған талаптың, бірақ мұндай талап бойынша бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшері шегерілуге жатады.
2. Есептен шығарылған талап бойынша шегерім кредитор-салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес мына күндер неғұрлым кеш келетін салықтық кезеңде жүргізіледі:
1) бухгалтерлік есепке алуда есептен шығарылу күні;
2) дебитор таратылған кезде – тарату балансы бекітілген күн;
3) дебитор банкрот деп танылған кезде – соттың банкроттық рәсімді аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күн не Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мен банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның соттан тыс банкроттық рәсімді аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған күн.
3. Шегерім бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде жүргізіледі:
1) талаптың туындағанын растайтын бастапқы құжаттардың болуы;
2) есептен шығару күніне тура келетін салықтық кезеңде бухгалтерлік есеп алуда талаптың көрсетілуі не алдыңғы салықтық кезеңдерде бухгалтерлік есепке алуда шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.
4. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға;
2) кәсіпорынды (кәсіпорынның бір бөлігін) мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша талаптарды беруге байланысты олардың мөлшері азайған кезде қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-266/