Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
269-бап. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған,
зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып
алуға және ғылыми орталықтар құруға арналған
шығыстар бойынша шегерім
1. Тіркеп-белгіленген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарламалары болған жағдайда шегерімге жатады.
Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға мыналар негіз болып табылады:
ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар бойынша – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп, сондай-ақ осындай қызметке байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алуға арналған шығыстар бойынша – іс жүзінде орындалған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдау актілері.
2. Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан, дербес білім беру ұйымдарынан, стартап-компаниялардан сатып алуға арналған, оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған шығыстар шегерімге жатады.
Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру (ішінара беру) шарты негіз болып табылады.
3. Егер осы Кодекстің 302-бабында өзгеше көзделмесе, зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруды қаржыландыру Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми орталық құру туралы хабарламасы болған кезде шегерімге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-269/