НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

268-бап. Қалдықтарды көму полигондарын жоюға арналған

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

шығыстар бойынша шегерімдер және қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасының шегерімдері
1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасын салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мөлшерде шегерімге жатқызады.
2. Салық төлеушінің салықтық кезең ішінде қалдықтарды көму полигондарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары сол шығыстар шегілген салықтық кезеңде шегерімге жатады. Салық төлеушінің арнаулы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстары шегерімге жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-268/