Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
272-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің шегерімі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 263. Вычет налогов и платежей в бюджет
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер:
1) есепті салықтық кезеңде – есепті салықтық кезең және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдер үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;
2) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде – есепті салықтық кезең үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте шегерімге жатады.
Бұл ретте салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстiң 122 және 123-баптарында айқындалған тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.
Салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар мен төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Мыналар:
1) жылдық жиынтық кіріс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;
2) корпоративтік табыс салығы және Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген, заңды тұлғалардың кірістеріне (пайдасына) салынатын корпоративтік табыс салығына ұқсас салықтар;
3) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде төленген салықтар;
4) үстеме пайда салығы;
5) жер қойнауын пайдалануға балама салықтар шегерімге жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-272/