Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
282-бап. Тіркеп-белгіленген активтер бойынша басқа да шегерімдер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 273. Другие вычеты по фиксированным активам
· толық сәйкестік кестесі
1. Өтеусіз беруді қоспағанда, I топ объектісі шығып қалған кезде салықтық кезеңнің соңындағы осындай объектінің құндық балансы мөлшеріндегі сома I топтың тіркеп-белгіленген активінің шығып қалуынан алынған нәтиже деп танылады және осы Кодекстің 340-бабының 2 және 6-тармақтарында белгіленген тәртіппен есепке алынады.
Бұл жағдайда салықтық есепке алуда салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансы нөлге дейін түзетіледі. Бұл ретте түзету сомасы шегерімге жатпайды.
2. Өтеусіз беруді қоспағанда, топтың барлық тіркеп-белгіленген активі (II, III және IV топтар бойынша) шығып қалған кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық кезеңнің соңындағы тиісті топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансы шегерілуге жатады.
3. І топ объектісін немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тіркеп-белгіленген активiн өтеусіз беру кезінде салықтық кезең соңындағы тиісті топтың құндық балансы нөлге дейін түзетіледі. Бұл ретте түзету сомасы шегерімге жатпайды.
4. Салық төлеуші салықтық кезеңнің соңғы күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аз соманы құрайтын, салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансының немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
5. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңнің соңындағы І топ объектісінің құндық балансының немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) құндық балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы. Шегерім өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлық кен орнын игеру салдарын жою жөніндегі жұмыс аяқталған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Өндіруге арналған көрсетілген келісімшарт бойынша жылдық жиынтық кіріс болмаған немесе залал болған жағдайда шегерім осындай жер қойнауын пайдаланушының өндіруге арналған басқа келісімшарты бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте шегерім мөлшері салықтық кезеңнің соңғы күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-282/