НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

283-бап. Инвестициялық салықтық преференциялар

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Мынадай шарттардың біріне немесе одан көбіне сай келетін заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының инвестициялық салықтық преференцияларды қолдануға құқығы бар:
1) салық төлеуші «Астана Хаб» қатысушысы болып табылады;
2) салық төлеуші АХҚО қатысушысы болып табылады;
3) салық төлеуші спирттің, алкоголь өнімінің, темекі бұйымдарының барлық түрін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырады;
4) салық төлеуші осы Кодекстің 16-бөлімінде көзделген арнаулы салық режимін қолданады.
2. Инвестициялық салықтық преференциялар (бұдан әрі осы параграфта – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша қолданылады және осы параграфқа сәйкес преференциялар объектісінің бастапқы құнына енгізілетін шығындарды шегерімдерге жатқызуды білдіреді.
3. Преференциялар объектілеріне негізгі қорлар сыныптауышына сәйкес мынадай активтер жатады: ғимараттар; құрылысжайлар; машиналар; жабдықтар; бағдарламалық қамтылым. Осындай активтер бақылау кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) мыналар: бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар немесе материалдық емес активтер ретінде танылған; және (немесе) жалға беруші мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берген және лизинг шарты бойынша берілген мүліктен басқа, негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес активтер ретінде осындай шарт бойынша берілгеннен кейін бухгалтерлік есепке алуда есепке алынбайтын; немесе концессионер концессия шарты шеңберінде концеденттен иелену және пайдалану үшін алған активтер болып табылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында болады. Бұл талап материалдық емес активтерге, машиналар мен жабдықтарға қолданылмайды;
3) преференцияларды қолданған салық төлеуші кіріс алуға бағытталған қызметте, оның ішінде лизинг шарты бойынша берілген активтерден басқа, мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша активтерді беру жолымен пайдаланады;
4) салықтық есепке алуда амортизациялық аударымдар және осы активтер бойынша кейінгі шығыстар тек жерасты суларын өндіру құқығына ие болуына орай жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын тұлғадан жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарттан басқа, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты тікелей, жанама немесе жалпы шығыстар болып табылмайды;
5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған: инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде пайдалануға арналған (пайдаланылатын) активтер болып табылмайды;
6) арнаулы экономикалық аймақтардың қатысушылары жүзеге асыратын қызметтің басым түрлері шеңберінде пайдалануға арналған (пайдаланылатын) активтер болып табылмайды.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы параграфтың мақсаттары үшін преференциялар объектісінің бастапқы құны салық төлеуші ол танылған күні шеккен шығындар сомасы ретінде айқындалады. Мұндай шығындарға: осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан); амортизациялық аударымдардан; бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және осы Кодекстің 257-бабының 6-тармағына сәйкес салық салу мақсаттарында шығыс ретінде қаралмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын басқа да шығындар жатады. Концессионер концеденттен концессия шарты шеңберінде иеленуге және пайдалануға алған преференциялар объектілерінің бастапқы құны осы Кодекстің 277-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалады.
5. Мынадай күндердің бірі преференциялар объектісін тану күні болып табылады: бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар немесе материалдық емес актив ретінде тану күні; концессионердің концессия шарты шеңберінде концессионерден активті иеленуге және пайдалануға алған күні.
6. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін преференциялар объектісін тану күніне келетін салықтық кезеңнен кейінгі кемінде үш салықтық кезеңнің кезеңі бақылау кезеңі болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-283/