НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

291-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

құралы бойынша кіріс
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі жасалған күнінен бастап он екі айдан асатын және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелер көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады. Салықтық есепке алу мақсатында осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы тармақта көрсетілген асып кету пайда болатын әрбір салықтық кезеңде танылады.
2. Есепті салықтық кезең ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Есепті салықтық кезең ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-291/