Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
290-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралын
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 278. Доход по производному финансовому инструменту, за
· толық сәйкестік кестесі
қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс
1. Кірісі осы Кодекстің 291-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсатында мұндай кіріс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтары немесе міндеттемелері орындалған, мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күні, сондай-ақ талаптары туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күні танылады.
2. Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысу кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысу кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-290/