Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
293-бап. Базалық активті беру жолымен орындау кезіндегі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 281. Особенности налогового учета при исполнении путем
· толық сәйкестік кестесі
салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсаттарында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активті сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (жұмсалған) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан болатын түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсаттарында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-293/