НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

294-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қолданылу мерзімі күнтізбелік 12 айдан асатын құрылыс мердігерлік шарты ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады. Осы параграфтың мақсаттары үшін мынадай күндердің неғұрлым кеші ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күні болып табылады:
1) осындай келісімшарт бойынша соңғы кезең немесе жұмыстардың барлық көлемі үшін орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күн;
2) объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн.
2. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша бөлек жүргізіледі.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша мердігер болып табылатын салық төлеушінің осындай келісімшарт бойынша кірісі оның таңдауы бойынша әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша бөлек айқындалады. Кірістерді айқындаудың таңдап алынған әдісі әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша қолданылатын әдістерді көрсетуге арналған салықтық тіркелімде көрсетіледі және оны ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертуге болмайды. Осындай салықтық тіркелім немесе онда таңдап алынған әдіс туралы ақпарат болмаған кезде іс жүзіндегі әдіс осындай әдіс болып танылады.
4. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмсалған шығыстар сомасы осы бөлімнің 29, 30 және 31-тарауларында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, 26-тарауға сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.
5. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы аяқталған күннен кейін келтірілген осындай келісімшарт бойынша шығыстар сомасы осы параграфтың мақсаттары үшін есепке алынбайды.
6. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде кірістер мен шығыстардың сомалары өзгерген кезде осы параграфтың мақсаттары үшін мұндай өзгерістер осындай өзгерістер болған салықтық кезеңнен бастап есепке алынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-294/