Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 283. Порядок определения дохода по долгосрочному
· толық сәйкестік кестесі
келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі
1. Есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде шегерімге жатқызылған шығыстар сомасынан кем емес кіріс іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
2. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде осындай келісімшарт бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған кіріс ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасынан асып кетсе:
1) осындай асып кету болған салықтық кезеңде – ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасы мен ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылған алдыңғы салықтық кезеңдерде жылдық жиынтық кіріске қосылған осындай келісімшарт бойынша кіріс сомасы арасындағы оң айырма мөлшеріндегі кіріс;
2) ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылатын келесі салықтық кезеңдерде – нөлге тең сома ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-295/