НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

307-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық баланстарын айқындау

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансын салық төлеуші былайша айқындайды: өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансы алу алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы.
2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансын салық төлеуші былайша айқындайды: өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансы қосу жер қойнауын пайдаланушының өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейінгі салықтық кезең ішінде шеккен және өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізілуге жататын шығыстарының немесе шығындарының сомасы, қосу негізгі құралдар және осы Кодекстің 273-бабының 4-тармағында көрсетілген материалдық емес активтердің баланстық құнын бухгалтерлік есепке алуда ұлғайтуға жатқызылуға тиіс, жер қойнауын пайдаланушы табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейін пайдалануға енгізген осындай активтер бойынша табылғаннан кейін өндіру басталған күннен кейін шеккен кейінгі шығыстардың сомасы қосу жер қойнауын пайдаланушының ауыстырылатын активтер тобының құндық балансынан өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа ауыстырылған шығыстарының сомасы қосу осы Кодекстің 308 немесе 312-бабына сәйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан ауыстырылған, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы немесе оның бір бөлігі қосу осы Кодекстің 309-бабында көрсетілген тіркеп-белгіленген активтер топтарының және кәсіпкерлік қызметтен болған залалдардың құндық баланстарының мөлшері алу осы Кодекстің 310-бабына сәйкес түзетулер алу жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансынан ауыстырылатын активтер тобының құндық балансына ауыстырған шығыстар сомасы алу осы Кодекстің 312-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа толық немесе ішінара ауыстырған өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-307/