Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
306-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ бойынша амортизациялық аударымдар өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды есепке алу жөніндегі салықтық тіркелімде жер қойнауын пайдаланушы белгілеген шығыстар бойынша топтың құндық балансына амортизация нормаларын қолдану жолымен салықтық кезеңнің соңында өндіру басталғанға дейін айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы белгілеген мұндай амортизация нормалары амортизацияның мынадай шекті нормаларынан:
1) күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық кірістен осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген мерзімге шегеру үшін амортизациялық аударымдардың сомасын айқындау үшін – 37,5 пайыздан;
2) мыналар:
осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар, оның ішінде күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт;
осы Кодекстің 312-бабының 1-тармағына сәйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы ауыстырылған жағдайда келісімшарттан тыс қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістен шегеру үшін амортизациялық аударымдардың сомасын айқындау үшін – 25 пайыздан аспауға тиіс.
2. Осы бапқа сәйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау мақсаттары үшін амортизациялық аударымдарды есептеу:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша – өндірудің басталу күні табылғаннан кейін басталған салықтық кезеңнен;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт бойынша немесе жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша – өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы немесе ауыстырылатын активтер тобының құндық балансы өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан ауыстырылған және:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топты ұлғайтқан;
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ болмаған кезде осындай топты қалыптастырған салықтық кезеңнен;
3) келісімшарттан тыс қызмет бойынша – өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстырылған және:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топты ұлғайтқан;
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ болмаған кезде осындай топты қалыптастырған салықтық кезеңнен басталады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-306/