НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

313-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарттар бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды шегерудің ерекшеліктері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топты құрған шығыстар бойынша жер қойнауын пайдаланушы кез келген салықтық кезеңде осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарты (келісімшарттары) бойынша шегерімдерге ауыстыру және жатқызу мақсатында ауыстырылатын активтер тобын қалыптастыруға құқылы.
2. Ауыстырылатын активтер тобын қалыптастыруды жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде ауыстырылатын активтер тобының шамасын азайту сомасына бір мезгілде ұлғайта отырып, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың шамасын азайту жолымен жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді. Осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайлар басталған кезде ауыстырылатын активтер тобының құндық балансының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылмаған бір бөлігі өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансына енгізілуге жатады.
3. Ауыстырылатын активтер тобының құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа ауыстыру бір мезгілде:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда – осындай келісімшарт бойынша ауыстырылатын активтер тобының құндық балансын азайту жолымен;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда – мынадай: өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту; өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
4. Осы бапта белгіленген ауыстыру жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізіледі. Ауыстырылатын активтер тобының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылатын құндық балансының шамасы салық төлеушінің таңдауы бойынша ауыстыру күніне толық немесе бір бөлігінде айқындалады.
5. Жер қойнауын пайдаланушыда жер қойнауын пайдалануға арналған екі және одан көп басқа келісімшарт болған жағдайда, ауыстырылатын активтер тобының берілетін құндық балансы жер қойнауын пайдалануға арналған осындай басқа келісімшарттар бойынша бөлінеді және тиісті бөлігінде салықтық есепке алуға ауыстырылады. Ауыстырылатын активтер тобының құндық балансын жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарттар арасында бөлу осындай жағдай үшін салықтық есепке алу саясатында қабылданған бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдісінің негізінде немесе ол салықтық есепке алу саясатында болмаған кезде – жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір басқа келісімшартқа жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңдегі осындай келісімшарттар бойынша алған тікелей кірістердің жалпы сомасында келетін тікелей кірістердің үлес салмағы бойынша жүргізіледі.
6. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартта (келісімшарттарда) шегерімдерге жатқызу осы Кодекстің 306-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
7. Жер қойнауын пайдаланушы ауыстырылатын активтер тобының және өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
8. Бұрын жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылмаған ауыстырылатын активтер тобының құндық балансының шамасы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансына енгізілуге және өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ үшін осы параграфта белгіленген тәртіппен: өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталған немесе өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша кен орнын табу және бағалау негізінде өндіруге келісімшарт жасалған салықтық кезеңде; өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күнге жылдық жиынтық кірістен шегерілуге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-313/