НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

314-бап. Өнімсіз ұңғымалар бойынша шығыстарды шегеру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутек шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсатында – өнімсіз ұңғыма), онда мұндай ұңғыманы салуға және жоюға іс жүзінде шеккен шығыстар мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:
1) өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе табылған соң өндіру басталған күнге дейін шеккен осындай шығыстардың бір бөлігі осы Кодекстің 305-бабында белгіленген тәртіппен шегерілуге тиіс;
2) өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе табылған соң өндіру басталған күннен кейін шеккен осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салықтық кезеңде шегерімге жатқызылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-314/