НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

316-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уран өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде пайдалану блоктарын (полигондарын) жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уран өндіруге дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен, амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жеке тобын түзеді. Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:
1) блоктарда (полигондарда) салынған сору, айдау және технологиялық байқау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер бойынша шығындар;
2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдау және сору коллекторлары;
3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;
4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар;
5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;
6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары;
7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;
8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды қабылдау тораптары және сұйық реагенттер қоймасы, сондай-ақ қышқыл құбыржолдары;
9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;
10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;
11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған, басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;
12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбілдік желілер;
13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын процестерді бақылау және автоматтандыру аппаратурасы;
14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбыржолдары;
15) блоктарға (полигондарға) апаратын және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;
16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;
17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныш;
18) қышқылдандыруға арналған күкірт қышқылы жатады. Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтердің құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жеке тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсатында шегерімге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi. Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуының деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады. Осы бапқа сәйкес амортизацияланатын активтер тобы бойынша амортизациялық аударымдардың сомасы мынадай формула бойынша есептеледі: S – амортизациялық аударымдар сомасы; С1 – салықтық кезеңнің басындағы амортизацияланатын активтер тобының құны; С2 – салықтық кезеңде өндіруге дайындалған амортизацияланатын активтердің құны; С3 – жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуға байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, осы баптың 3-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны; V1 – уран қорларының салықтық кезеңнің басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі; V2 – салықтық кезеңде өндіруге дайындалған уран қорларының физикалық көлемі; V3 – жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуға байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемі; V4 – өндірілген уранның салықтық кезең үшін жер қойнауындағы нормаланатын ысырабы есепке алынған физикалық көлемі. 2026 жылғы салықтық кезең үшін амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық кезеңнің басындағы құны деп уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындардың (шығыстардың) 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын сомасы танылады. 2026 жылғы салықтық кезең үшін салықтық кезеңнің басында өндіруге дайын уран қорларының физикалық көлемі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өндіруге дайын уран қорларының физикалық көлемі танылады. 2026 жылға арналған С2 көрсеткіші 2026 жылғы 1 қаңтардың алдындағы кезеңдерде амортизацияланатын активтердің жеке тобының құрамына енгізілген және 2026 жылғы 31 желтоқсанға өндіру басталмаған активтердің құнын шегергенде өндіруге дайындалған және есепті салықтық кезеңде өндіру басталған активтердің құны ретінде айқындалады; 2026 жылға арналған V2 көрсеткіші 2026 жылғы 31 желтоқсанда өндіру басталмаған полигон учаскелерінде (блоктарында) алдыңғы кезеңдерде өндіруге дайын қорлардың физикалық көлемін шегергенде, салықтық кезеңде өндіру басталған полигонның дайындалған учаскелерінде (блоктарында) өндіруге дайын уран қорларының физикалық көлемі ретінде айқындалады. 2026 жылдан кейінгі келесі салықтық кезеңдерде салықтық кезеңнің басындағы амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны мынадай тәртіппен айқындалатын алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы активтердің көрсетілген тобының құны болып табылады: салықтық кезеңнің басындағы амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны қосу салықтық кезеңде өндіруге дайындалған амортизацияланатын активтер құны қосу осы баптың 3-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтер тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар қосу осы баптың 3-тармағында көрсетілген жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны алу салықтық кезеңде амортизациялық аударымдардың сомасы. 2026 жылдың салықтық кезеңі үшін салықтық кезеңнің басында өндіруге дайын уран запастарының физикалық көлемі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өндіруге дайын уран қорларының физикалық көлемі болып танылады. Бұл ретте 2026 жылға арналған V2 көрсеткіші салықтық кезеңде өндіру басталған жаңа дайындалған блоктарда өндіруге дайын уран қорларының физикалық көлемі қосу құны 2026 жылғы 1 қаңтардың алдындағы кезеңдерде топтың құрамына енгізілген блоктарда (полигон учаскелерінде) өндіруге дайын запастардың физикалық көлемі ретінде айқындалады. 2026 жылдан кейінгі келесі салықтық кезеңдерде салықтық кезеңнің басында өндіруге дайын уран қорларының көлемі алдыңғы салықтық кезеңнің соңында өндіруге дайын қорлардың мынадай тәртіппен айқындалатын физикалық көлемі болып табылады: салықтық кезеңнің басында өндіруге дайын уран қорларының физикалық көлемі қосу салықтық кезеңде өндіруге дайындалған уран қорларының физикалық көлемі қосу үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуға байланысты жарғылық капиталға салым ретінде алынған өндіруге дайын уран қорларының физикалық көлемі алу салықтық кезең ішінде жер қойнауындағы нормаланған шығындарды ескере отырып өндірілген уран көлемі. Полигондағы жеке учаскеде (блокта) өндіруге дайын уранның қорларының мөлшері азайған жағдайда, осы жеке учаскенің (блоктың) есептен шығарылған дайын қорларының көлемі салық төлеуші запастарға қайта есептеуді бекіткен салықтық кезеңнің V2 көрсеткішін азайтады. Өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметі аяқталған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң аяқтаған жағдайда, амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық кезеңнің соңындағы құны өндіру жүзеге асырылған соңғы салықтық кезеңде шегерімге жатады.
3. Осы бапта белгіленген тәртіп осы баптың 1-тармағында көрсетілген, үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуға байланысты жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтердің жеке тобына да қолданылады. Үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобы келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оны сатып алу құны осындай активтер тобының құны болып табылады. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобы жарғылық капиталға салым ретінде алынған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны осындай активтер тобының құны болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-316/