НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

315-бап. Шығыстарды келісімшарттан тыс қызметке жатқызудың ерекшеліктері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алу үшін салық төлеушінің шығыстарына жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа байланысты шығыстардың мынадай түрлері жатады:
1) төленген қол қою бонусының сомаларын қоспағанда, салық төлеушінің келісімшарт жасалған күнге дейін жүргізілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға және жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуға байланысты шығыстары;
2) осы Кодекстің 312-бабының 1-тармағына сәйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстырылған шығыстар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-315/