Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
345-бап. Корпоративтік табыс салығының сомасын есептеу
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы мынадай тәртiппен есептеледi:
осы баптың 2-тармағына сәйкес қызметтің әрбір түрі бойынша салық салынатын кірістен есептелген корпоративтік табыс салығының сомаларын қосу арқылы алынған, салық төлеушінің есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы
қосу
осы баптың 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісінен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 346-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы
алу
салықты ұстап қалуды растайтын құжаттар болған кезде осы Кодекстің 352-бабына сәйкес төлем көзінен салықтық кезеңде ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы
алу
осы баптың 4-тармағына сәйкес алдыңғы салықтық кезеңдерден ауыстырылған кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Осы Кодекстің 357-бабының 2-тармағында көзделген қызметтің әрбір түрі бойынша салық салынатын кірістен алынатын корпоративтік табыс салығы салықты және қызмет түрі бойынша корпоративтік табыс салығының тиісті мөлшерлемесін есептеу үшін салық салынатын кірістің туындысы ретінде есептеледі.
Салықты есептеу үшін салық салынатын кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кіріс
алу
салық салынатын кірісті осы Кодекстің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына азайту
алу
осы Кодекстің 339 – 344-баптарында айқындалған тәртіппен ауыстырылатын не өтелетін залалдар.
3. Бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісінен корпоративтік табыс салығының сомасы мыналарды қосу арқылы есептеледі:
осы Кодекстің 339-бабына сәйкес залалдар сомасына азайтуды ескере отырып, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің және салық салынатын кірісінің туындысы ретінде есептелетін корпоративтік табыс салығының сомалары; және
жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің және салық салынатын кірісінің туындысы ретінде есептелетін корпоративтік табыс салығының сомалары.
4. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, осы баптың 1-тармағына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылады және осы салықтық кезеңдерде бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомаларын дәйекті түрде азайтады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-345/