Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
357-бап. Салық мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 313. Ставки налога
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 320. Ставки налога
· толық сәйкестік кестесі
1. Корпоративтік табыс салығы салық салу объектісіне байланысты мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
1) салықты есептеу үшін салық салынатын кіріс – осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелер;
2) бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерін қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын кірістер – 15 пайыз;
3) бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістері – осы Кодекстің 682-бабында белгіленген мөлшерлемелер;
4) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісі – 15 пайыз;
5) бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі – 20 пайыз.
2. Салықты есептеу үшін салық салынатын кіріске қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлемелері қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар алған ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметтен – 3 пайыз;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келетіндерден басқа, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметінен – 6 пайыз;
3) осы Кодекстің 330-бабын қолданатындардан басқа, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінен – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы дейінгі салықтық кезең үшін – 5 пайыз, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз;
4) қызметтің мынадай түрлерінен – 25 пайыз:
кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен алынған салық салынатын кірісті қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі.
Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау тәртібі уәкілетті органмен және Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындалады.
Осы тармақшаны екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметіне қолдану мақсатында Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс және құн өсімінен түсетін кіріс жатады;
казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі;
5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделмеген өзге де қызметтен – 20 пайыз.
3. 2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын қолдану мақсатында осы тармақшаларда көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған кірістерге, оның ішінде «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілген бюджеттік субсидиялар да жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-357/