О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

313-бап. Салықтық мөлшерлемелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 357. Ставки налога орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 300-бабында айқындалған тәртiппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісі 20 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
1-1. Осы Кодекстің 223-бабының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған салық салу объектілері 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады.
1-2. Осы Кодекстің 223-бабының 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектілері 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісіне, егер мұндай кіріс ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді, сондай-ақ осындай қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған кіріс деп ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мынадай бағыттар бойынша берілген бюджеттік субсидиялар да танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасының, технологиялық жабдықтың лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) аквашаруашылықтың (балық өсіру шаруашылығының) өнiмділігі мен өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.
3. Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерін қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын кірістер төлем көзiнен 15 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
4. Бейрезиденттердiң осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 1) – 9), 11) – 34) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес кірістеріне, сондай-ақ осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген кірістерге осы Кодекстiң 646-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлғаның таза кірісіне осы Кодекстiң 652-бабында белгiленген мөлшерлеме бойынша және тәртiппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-313/