НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

359-бап. Салық декларациясы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, бейрезидент-заңды тұлғалар, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тұрған жері бойынша салық органына корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 16-бөліміне сәйкес көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны ұсынбайды.
4. Егер корпоративтік табыс салығы бойынша декларация ұсынылған күнге бекітілген қаржылық есептілік болмаса, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 9-тарауының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылатын корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша декларацияда жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-359/