Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
315-бап. Салық декларациясы
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тұрған жеріндегі салық органына корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың
31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 681-бабының 1, 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырмайды.
4. Егер корпоративтік табыс салығы бойынша декларация ұсынылған күнге бекітілген қаржылық есептілік болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың
31 наурызынан кешіктірілмей берілетін корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша декларацияда жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-315/