Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
361-бап. Салық агенттері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, резидент жеке тұлғаға кіріс төлейтін мынадай тұлғалар салық агенттері болып танылады:
1) дара кәсіпкер;
2) жеке практикамен айналысатын адам;
3) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы;
4) Қазақстан Республикасында қызметін:
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға. Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға оның құрылымдық бөлімшесі немесе тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне құрылымдық бөлімше ашпай қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;
егер осы құрылымдық бөлімше қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 226-бабына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;
5) осы Кодекстің 721-бабының 3-тармағына сәйкес салық агенті айқындаған интернет-платформа операторы.
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туындайтын жеке тұлғаның кірістері бойынша лотерея операторы салық агенті болып танылады.
2. Мыналар:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркелмеген жеке тұлға;
2) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде өз қызметіне байланысты емес қатынастарда дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркелген жеке тұлға;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйым, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйым және қор салық агенті болып табылмайтын тұлға деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-361/