Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
362-бап. Жеке табыс салығын салу жөніндегі ережелерді қолдану тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті Қазақстан Республикасы азаматының, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын
шетел
азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен – осы тарауда, осы Кодекстің 39, 40, 43-тарауларында және 694-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
2) бірыңғай төлем төлеу арқылы – осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
2. Резидент-жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді және төлеуді, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды осындай резидент-жеке тұлға:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен – осы Кодекстің 39, 40 және 43-тарауларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
2) арнаулы салық режимінде – осы Кодекстің 16-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-362/