Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
363-бап. Салық мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Жеке тұлғаның салық салынатын кірістері жеке табыс салығының мынадай мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:
1) осы баптың 2) – 4) тармақшаларында көрсетілгендерден басқа кірістер – күнтізбелік жыл үшін мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша:
№
Салық салынатын кіріс сомасы
Мөлшерлеме
1
айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда)
10 пайыз
2
айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінен жоғары*
салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз
2) жеке практикамен айналысатын адамның кірістері – 9 пайыз;
3) салық салынатын дивидендтер түріндегі кіріс күнтізбелік жыл үшін – мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша:
№
Салық салынатын кіріс сомасы
Мөлшерлеме
1
айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда)
5 пайыз
2
айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшерінен жоғары*
салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз
4) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкердің, шаруа немесе фермер қожалығының салық салынатын кірісі күнтізбелік жыл үшін – мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша:
№
Салық салынатын кіріс сомасы
Мөлшерлеме
1
айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда)
10 пайыз
2
айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшерінен жоғары*
салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз
*осы баптың 1), 3) және 4) тармақшаларын қолдану мақсатында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары мыналар:
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу бойынша;
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша кірістерден түсетін, осы баптың 4) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасын 70 пайызға азайтуға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-363/