Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
365-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын экономикалық пайда жөніндегі жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Мыналар жеке тұлғаның кірісі болып табылмайды:
1) осы Кодекстің 366-бабында көрсетілген жұмыс берушінің шығыстары;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған, осы Кодекстің 367-бабында көрсетілген материалдық пайда;
3) жеке тұлғаның осы Кодекстің 368-бабында көрсетілген тоқтатылған міндеттемелері;
4) осы Кодекстің 382-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген экономикалық пайда;
5) осы Кодекстің 369-бабында көрсетілген зейнетақы аннуитетіне байланысты сомалар;
6) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген өзге де экономикалық пайда.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-365/