Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
371-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі жөніндегі жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде салықтық кезең ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер түрінде алуға жататын (алынған) кірістерден тұрады.
2. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне оның мынадай кірістерінің барлық түрлері кіреді:
1) үй жұмыскерінің кірісін қоса алғандағы, жұмыскердің кірісі;
2) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
3) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;
4) біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
5) зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
6) дивидендтер түріндегі кіріс;
7) сыйақылар түріндегі кіріс;
8) ұтыстар түріндегі кіріс;
9) стипендия түріндегі кіріс;
10) сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
11) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
12) мүліктік кіріс;
13) дара кәсіпкердің кірісі;
14) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
15) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер;
16) басқа да кірістер;
17) осы Кодекстің 399-бабына сәйкес айқындалатын бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы.
3. Мынадай:
1) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осындай кірістер алған жағдайда – жеке тұлғаның дербес;
2) осы баптың 2-тармағының 12) – 14) тармақшаларында көрсетілген кірістерден басқа, салық агентінен осындай кірістер алған жағдайда – салық агентінің осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістерге салық салуына жатады.
4. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 365-бабында көрсетілген, жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайтын экономикалық пайдаға қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-371/