Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
374-бап. Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Жеке тұлғаның өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кірісі мыналардан туындайды:
1) мүлікті өтеусіз алу;
2) орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өтеусіз алу;
3) басқа тұлғаның үшінші тұлғалардан жеке тұлға алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына өтеусіз ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаның борышын немесе міндеттемесін толық мөлшерде немесе ішінара кешіру (есептен шығару);
5) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жүргізілген заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымды осындай заңды тұлғаның меншікті капиталының құрамындағы қайта бағалаудан болатын құн өсімі есебінен ұлғайту.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-374/