НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

373-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші-жеке тұлғада үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге еңбек шартын жасасқан резидент-жеке тұлға осы Кодекстің мақсаттары үшін резидент-еңбекші көшіп келуші болып табылады.
2. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі болып табылады, ол мынадай кірістерден тұрады:
1) еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсатты алуға (ұзартуға) өтініште резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшеріндегі ең төмен салық салынатын кіріс сомасы;
2) еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсатты алуға (ұзартуға) өтініште еңбек шарты бойынша алуға жататын, еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін кірістің осы кезеңдегі ең төмен салық салынатын кіріс сомасынан асып кету болған кезде осындай асып кету сомасы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-373/