НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

398-бап. Бақыланатын шетелдік компания жөніндегі жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салынуға жатпайды. Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 399-бабына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 399-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 399-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызу.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-398/