Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
40-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі – салық органымен және осы Кодекспен реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қарым-қатынастарда:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, нотариат куәландырған немесе оған теңестірілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін сенімхаттың негізінде – жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам;
2) құрылтай құжаттарының және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін сенімхаттың негізінде – заңды тұлға не оның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің (салық агентінің) мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлға.
Салық төлеуші (салық агенті) салық органының ақпараттандыру объектісі арқылы өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық құжатын ресімдеу жолымен уәкілетті өкілді айқындауға құқылы.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің салық төлеушінің (салық агентінің) атынан жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-40/