НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

41-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жасау

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

кезіндегі өкілдік етудің ерекшеліктері
1. Өнімдерді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға оператор арқылы қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастардағы оператордың өкілеттіктері осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде өнімдерді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес айқындалады. Осы Кодекстің 755-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындаған кезде оператор салық төлеушілер (салық агенттері) үшін осы Кодексте көзделген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Операторға осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген салықтық әкімшілендіру тәртібі қолданылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша жасалған оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі) осындай жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың атынан және (немесе) олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-41/