Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
405-бап. Кірістердің түрлері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістеріне мыналар жатады:
1) мүліктік кіріс;
2) дара кәсіпкердің кірісі;
3) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
4) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған жұмыскердің кірісі;
5) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;
6) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
7) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған дивидендтер түріндегі кіріс;
8) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған сыйақылар түріндегі кіріс;
9) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған ұтыстар түріндегі кіріс;
10) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған стипендиялар түріндегі кіріс;
11) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
12) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
13) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық медиатордың кірісі;
14) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттері болып табылмайтын шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне қызметтерді көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетін кіріс;
15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерден босатылған халықаралық ұйымдарға және мемлекеттік ұйымдарға, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға және қорларға қызметтер көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетін кіріс;
16) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс;
17) осы Кодекстің 399-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;
18) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан түсетін басқа да кірістер.
2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері мынадай тәртіппен танылады:
1) осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кірістер ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу фактісіне қарамастан, есепке жазу әдісі бойынша танылады. Бұл ретте операция жасалған күн, оның ішінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, мүлікті, оның ішінде тауарларды өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген адамына мүлікті тиеп-жөнелту және беру күні кірісті алу күні болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген кірістердің қалған түрлері мынадай күндердің неғұрлым кешірек болатын күні бойынша танылады:
кіріс алынуға жататын күн;
мүлікті, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын немесе өзге де мүлікті кіріс төлемі ретінде төлеу, беру арқылы кіріс алынатын күн.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері алынуға жататын және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін алынбаған, кіріс алынуға жататын күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріс ретінде танылуға жататын кірістерге қолданылмайды.
3. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, шетел валютасында алуға жататын (алынған) кіріс алынған күнтізбелік жыл ішіндегі валютаның орташа арифметикалық ресми бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-405/