Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
406-бап. Жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 637. Исчисление индивидуального подоходного
· толық сәйкестік кестесі
1. Жұмыскердің салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алуға жататын (алынған) кірісі, оның ішінде мынадай кірістері:
1) үй жұмыскерінің кірісі;
2) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
3) жұмыскердің салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) бойынша кірісі;
4) жұмыскердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) бойынша кірісі;
5) жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алынған кірісі жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі болып табылады.
2. Жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының (келісімшарттың, келісімнің), сондай-ақ жұмыс берушінің шешімдерінің негізінде жұмыс берушіден алуға жататын кіріс мөлшерінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-406/