Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
407-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден
түсетін кіріс
1. Жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі кезінде осы параграфтың ережелерін жеке тұлға бір мезгілде мынадай:
1) алынған кіріс дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісіне, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінің кірісіне енгізілмеген;
2) кіріс салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған шарттарға сәйкес келетін кірістер бойынша қолданады.
2. Жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алған кірісіне мыналар жатады:
1) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
2) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық медиатордың кірісі;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттері болып табылмайтын шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс;
5) салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (алуға жататын) кіріс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-407/