Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
412-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
жеке табыс салығын есептеу
1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын дара кәсіпкердің кірісі бойынша – кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығының декларациясында;
2) дербес салық салуға жататын қалған кірістер бойынша – кірістер мен мүлік туралы декларацияда жүргізеді.
2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 363-бабында белгіленген мөлшерлемелерді жеке тұлғаның тиісті салық салынатын кірісінің сомасына қолдану арқылы есептеледі.
3. Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 413-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 414-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы
алу
жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістің салық салынатын сомасына қосылған жағдайда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы.
4. Еңбекші көшіп келушілердің кірістерінен жеке табыс салығының сомасын есептеуді еңбекші көшіп келушілер өзі дербес:
1) салық салынатын ең төмен кіріс сомасынан – резидент-еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсатты алуға (ұзартуға) өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстарды орындаудың (қызметтерді көрсетудің) әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4 еселенген мөлшерінде;
2) кіріс және мүлік туралы декларацияда тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынған кірістің салықтық кезең аяқталғаннан кейінгі осы кезеңдегі ең төмен салық салынатын кіріс сомасынан асып кетуі түріндегі кіріс сомасынан – осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлемені осындай асып кету түріндегі кірістің салық салынатын сомасына қолдану арқылы жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-412/