Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
411-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын жеке тұлғаның
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
салық салынатын кірісін айқындау
1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісінің салық салынатын сомасы (дара кәсіпкердің кірісі түріндегі, дивидендтер түріндегі және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі түріндегі салық салынатын соманы қоспағанда) мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның кірістері (дара кәсіпкердің дивидендтер түріндегі кірісі түріндегі және резидент – еңбекші көшіп келушінің кірісі түріндегі салық салынатын соманы қоспағанда)
қосу
салық агенті есепке жазған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің (дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда) сомасы
алу
осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген, салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер
алу
салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кетуін, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған осы Кодекстің 409-бабының 2-тармағында көрсетілген салықтық шегерімнің сомасын қоса алғанда, осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
Осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарының ережелері төлем көзінен және жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын кірістердің жиынтық сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда қолданылады.
2. Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасы жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен мынадай түрде айқындалады:
осы Кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
алу
осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісі азайтылатын кірістер
алу
салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кетуін, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған осы Кодекстің 409-бабының 2-тармағында көрсетілген салықтық шегерімінің сомасын қоса алғанда, осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
3. Салық салынатын кірісті айқындаудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары бөлек салықтық есепке алу негізінде:
1) өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, сондай-ақ өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызмет;
2) өзге де қызмет бойынша осы баптың 2-тармағына сәйкес салық салынатын кіріс сомаларын бөлек айқындайды.
4. Резидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:
еңбекші көшіп келушіге рұқсатта (рұқсаттарда) көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстарды орындаудың (қызметтерді көрсетудің) әрбір айы үшін жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған кірістер
алу
осы кезеңдегі ең төмен салық салынатын кіріс сомасы
алу
осы кезеңдегі жұмыстарды орындаудың (қызметтерді көрсетудің) әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.
5. Дивидендтер түріндегі кірістің салық салынатын сомасы былайша айқындалады:
төлем көзінен салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кірістер
қосу
жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі кірістер
алу
осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағына сәйкес кіріс азайтылатын кірістер
алу
төлем көзінен салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кірісті есептеу кезінде салық агенті қолданған салықтық шегерімдер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-411/