НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

415-бап. Салықтық кезең

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. Жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою кезінде оны осындай тіркеу есебіне қойған күннен бастап:
1) осы күнтізбелік жылы тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде осындай тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі;
2) қалған жағдайларда – күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.
3. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам күнтізбелік жылдың соңына дейін дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде:
1) жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қойған жағдайда – оны дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қойған күннен бастап осындай тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі;
2) қалған жағдайларда – күнтізбелік жылдың басынан бастап дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-415/