НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

428-бап. Салық агентінен өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай:
1) қайта бағалау ескерілмеген мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады. Осындай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда – мүліктің жеке тұлғаға берілуіне негіз болған шартта немесе өзге де құжатта айқындалған мүлік құнының мөлшерінде;
2) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты салық агентінің шеккен шығыстары мөлшерінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны;
3) жеке тұлға алған және салық агенті төлеген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны;
4) кешірудің (есептен шығарудың) жүргізілуіне негіз болған құжатта айқындалған, кешірілген (есептен шығарылған) борыштың немесе міндеттеменің сомасы;
5) заңды тұлғаның жарғылық капиталының құрамында қайта бағалаудан болған құн өсімі есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жүргізілген заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымның ұлғаюы мөлшерде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-428/