Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
427-бап. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс
Салық агентіне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден жеке тұлғаның алған кірісіне дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (мүліктік кірістен басқа) бойынша салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін;
2) жеке тұлға салық агенті алдындағы берешекті өтеу есебіне берген (орындаған, көрсеткен) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны түрінде алған кірісі жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-427/