НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

430-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын сыйақылар түріндегі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

кірісті азайту Төлем көзінен салық салуға жататын сыйақылар түріндегі кіріс мынадай кірістерге азаяды:
1) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген банктердегі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы өздерінің салымдары (депозиттері) бойынша төленетiн сыйақылар;
2) эмитенттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
3) бағалы қағаздар бойынша сыйақылар есепке жазылған күнге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай сыйақылар;
4) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-430/