НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

431-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын біржолғы зейнетақы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

төлемдері, зейнетақы төлемдері түріндегі кірісті азайту Төлем көзінен салық салуға жататын біржолғы зейнетақы төлемдері, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мынадай кірістерге азайтылады:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы жинақтарынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақылар;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдері;
4) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемдер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-431/