Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
432-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын мемлекеттік бюджет
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
қаражаты есебінен төлемдер түріндегі кірісті азайту
Төлем көзінен салық салуға жататын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдер түріндегі кіріс мынадай кірістерге азайтылады:
1) инфляция деңгейі ескеріле отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы оң айырма түрінде;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
3) өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кезде және (немесе) қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда – мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға, мұрагерлері мен оларды алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға – көтермелеу түрінде;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес төтенше жағдай салдарынан, оның ішінде табиғи немесе техногендік сипаттағы зиянды (залалды) өтеу түрінде;
6) Қазақстан Республикасының төтенше жағдай туралы заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде келтірілген материалдық залалды өтеу түрінде;
7) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасына сәйкес халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне – көтермелеу түрінде;
8) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен және мөлшерде зейнеткерлік жасқа толған, отставкадағы судьяларға – өмір бойына ай сайынғы қамтылым түрінде;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, мемлекеттік стипендиялар түрінде;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
11) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдер;
12) мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде, жағдайларда және тәртіппен жұмыстан шығу жәрдемақысы;
13) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде жүзеге асырылатын кәсіптік оқытуға байланысты төлемдер;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекет сыйлықақысы);
15) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде төленетін, білім беру жинақтау салымдары, сақтандыру шарттары бойынша мемлекеттің сыйлықақылары.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-432/