Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
434-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын, оқуға
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
байланысты стипендиялар, төлемдер және өтемақылар
түріндегі кірісті азайту
Төлем көзінен салық салуға жататын, оқуға байланысты стипендиялар, төлемдер және өтемақылар түріндегі кіріс мынадай кірістерге азаяды:
1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде төленетін мемлекеттік стипендиялар;
2) білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төленетін Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;
3) білім беру ұйымдарында білім алып жатқан адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендиялар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарын оқытуды және олардың тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды төлеуге арналған төлемдер;
5) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде жол жүру шығыстарының өтемақылары;
6) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға төленетін стипендиялар мен гранттар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-434/