НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

435-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын сақтандыру төлемдері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

түріндегі кірісті азайту Төлем көзінен салық салуға жататын сақтандыру төлемдері түріндегі кіріс мынадай кірістерге азаяды:
1) жинақтаушы емес сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру жағдайына байланысты, кез келген сақтандыру түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;
2) мыналардың: Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары және бір сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын бұзған кезде алынған және басқа сақтандыру ұйымына жіберілген сатып алу сомалары есебінен төленген; жеке тұлға өз пайдасына және (немесе) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) пайдасына; жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына төлеген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері, сақтандыру сыйлықақылары;
3) Қазақстан Республикасының қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары, сондай-ақ зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомалары;
5) отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен қайтыс болған адамды жерлеуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төленетін біржолғы төлемдер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-435/