НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

437-бап. Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

ерекшеліктері
1. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер осы Кодекстің 401 – 404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады.
2. Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың:
1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;
2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.
3. Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы. Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелері болған кезде базалық салықтық шегерім күнтізбелік ай үшін базалық салықтық шегерім сомасы шегінде мынадай ретпен:
1) жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде;
2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – базалық салықтық шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады. Салық агенті қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде ауысқан кезде алдыңғы салық агентінде түзілген базалық салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы басқа салық агентінде ескерілмейді.
4. Бір салық агентінде түзілген әлеуметтік салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы осы Кодексте белгіленген шектерде басқа салық агентінде ескеріледі. Ол үшін жеке тұлға осы Кодекстің 446-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жылдың басынан басталған кезең үшін әлеуметтік салықтық шегерімді қолданған салық агенті (салық агенттері) берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-437/