НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

436-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын басқа кірісті азайту

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Жеке тұлғаның салық салуға жататын басқа кірісі мынадай кірістерге азаяды:
1) Қазақстан Республикасының неке-отбасы туралы заңнамасына сәйкес алынған алименттер;
2) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері шегіндегі бір жыл үшін – жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның, сондай-ақ оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген кірісі. Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның жеке қосалқы шаруашылықтан алынған ауыл шаруашылығы өнімін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға және (немесе) ауыл шаруашылығы жануарларын өткізу жөніндегі сауда нарығына өткізуінен түсетін кіріс жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс деп танылады. Осы тармақшаның ережелерін бір ғана салық агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым, ауыл шаруашылығы кооперативі және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға мынадай құжаттарды: азайтуды қолдануға өтінішті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы; жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын: ауданы көрсетілген жер учаскесінің; саны көрсетілген үй жануарларының; саны көрсетілген үй құстарының бар екені туралы растауды ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданады. Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай босату қолданылған күнтізбелік жылда кемінде бір рет ұсынылады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген шектен асып кеткен кезде жеке тұлғаның кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен асатын, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс сомасының 80 пайызына азайтылады;
3) жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде күнтізбелік жыл ішінде салық агенті жүргізген, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаны жерлеуге арналған төлемдер;
4) МӘСҚ-ден төленетін әлеуметтік төлемдер;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес акционерлік қоғам, мекеме және тұтыну кооперативі нысанында тіркелгендерден басқа, коммерциялық емес ұйымның жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде  осындай ұйыммен еңбек қатынастарында тұрмайтын және (немесе) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау туралы шарт жасаспаған жеке тұлғаның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына арналған шығыстары түрінде алынған жеке тұлғаның кірістері;
6) сенімгерлік басқарушы болып табылатын дара кәсіпкерден алынған сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісі;
7) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында есепке алынатын кепілдікті өтеудің талап етілмеген сомасы;
8) гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа)
9) моральдық зиянды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
10) материалдық залалды заңды күшіне енген сот актісі бойынша тағайындалатын, сондай-ақ сот шығыстарын өтеу сомалары;
11) он алты жасқа толмаған балаларға арналған балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;
12) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері шегіндегі бір лотерея бойынша ұтыс;
13) дивидендтерді есептеу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізімінде болған бағалы қағаздар бойынша осындай дивидендтер. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада күнтізбелік жыл ішінде сауда-саттық жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-436/