НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

443-бап. Мемлекеттік мекемелердің жеке табыс салығын есептеудің,

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

ұстап қалу мен төлеудің ерекшеліктері
1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.
2. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының: осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есепке жазылған, төленген, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару; осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу жөніндегі міндетті бір мезгілде орындағанын тануға құқылы. Бұл ретте мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның осындай шешімі: заңды тұлғаның және (немесе) аумақтық органның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесіне қатысты – осы құрылымдық бөлімше және (немесе) аумақтық орган құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше және (немесе) аумақтық орган құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап; қалған жағдайларда – осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі. Мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның осындай шешімнің күшін жоюы осындай шешімінің күші жойылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін. Бұл ретте осы бапта айқындалған тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады. Жеке табыс салығын төлеу салық агентінің тұрған жері бойынша тиісті бюджеттерге жүргізіледі. Құрылымдық және (немесе) аумақтық органның салық салу объектілері бойынша жеке табыс салығын төлеу осындай құрылымдық және (немесе) аумақтық органның тұрған жері бойынша жүргізіледі.
4. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және төлеуді осы Кодекстің 440 және 441-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
5. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны осы Кодекстің 445-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-443/